Қытайдағы шетелдік студенттер

Қытайдың жоғарғы білім беру мекемелері 1950 жылдан бастап шетелдік студенттерді қабылдайды. Қазіргі уақытта 31 әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жоғарғы білім беру мекемелерінде 400 мыңнан астам шетелдік студенттер білім алып жатыр. Егер сіз Қытайда тегін оқу жайында білгіңіз келсе, біздің кеңесшілерімізден толығырақ мәліметті сұрап білсеңіз болады. Біздің компаниямыз көптеген жылдар бойы әртүрлі елдерден келген студенттердің Қытайда сапалы білім алуына зор үлесін қосты.

Мақаланын орысша нұсқасы

Қытайда тегін оқу. Қытай университеттері.

Шетелдік студенттердің саны бойынша көшбасшылар:

  • Бейжің университеті
  • Фудань Университеті

Қытайдың жоғарғы білім беру мекемелерінде оқып жатқан студенттердің 80 пайызы Азия елдерінің тұрғындары екендігін айтып кеткен жөн.

Қытайдағы жоғарғы оқу орындарынын саны

Университет, колледж және мектеп санын бірге қосып алғанда оқу орындарынын жалпы саны 2000 асады. 9 млн студент осы мекемелерде білім алып жатыр.

Қытайда тегін оқу. Қытай университеттері.

Мемлекет басқармасынын білім деңгейін арттырудағы еңбегі зая кетпеді. Қытай тілін меңгерудегі қиындықтарға қарамастан, шетелдік студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, мамандар Қытайдың жоғарғы білім беру мекемелерінін дүниежүзілік рейтингі көтеріліп келе жатқанын растайды. Мысалы, The Times журналы бойынша дүниежүзілік жоғарғы білім беру орындарынын Топ 200 тізіміне келесі Қытай университеттері кіреді:

  • 50 орын – Цинхуа Бейжің Университеті
  • 53 орын – Бейжің Университеті
  • 103 орын – Фудань Шанхай Университеті
  • 155 орын – Цзяотун Шанхай Университеті
  • 170 орын – Нанкин Университеті

Қытайдағы жоғарғы оқу орындарына түсу

Ең алдымен,  шетелдік студенттерге арналған ең жақсы Университеттер туралы толық мәліметті біліп алу қажет. Одан кейін түсу үшін қажетті құжаттарды түгендеу керек:

  • Қытай мемлекетінде оқуға арналған рұқсат қағаз. Бұл үшін адам өзінін визасы бар студент екендігін дәлелдеуі керек. Сонымен қатар, таңдалған бағдарлама бойынша оқу үшін сәйкес квалификация деңгейі қажет.
  • Аударылған студенттер құжат тапсыратын кезде, бұрынғы университеттен алынған сертификатты тапсыруы керек.
  • HSK тестілеуінін баллы
  • Оқу орнына түсу үшін барлық квалификациянын бар екендігін дәлелдейтін құжаттар

Қытайда тегін оқу. Қытай университеттері.

Қытайдың беделді оқу орындары қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін. Қосымша құжаттарды тапсыру жайлы оқу орыннын ресми парақшасынан немесе ресми өкілдерінен білсеңіз болады.

Құжаттарды қай уақытта тапсырған жөн?

Қытайда оқу жылы екі семестрден тұрады. Оқуды кез-келген семестрден бастауға болады.

Тегін оқу орындарына құжаттарды ерте тапсырған дұрыс. Бірінші тапсырған студенттер мекемеден бірінші жауап алады. Түсу мүмкіндігін арттыру үшін бірден бірнеше оқу орнына тапсырған жөн.

Қытайда тегін оқу. Қытай университеттері.

Педагогикалық, архитектуралық, музыкалдық, лингвистикалық және техникалық жоғарғы оқу орындары жыл сайын өз есіктерін әртүрлі елдерден келген абитуриенттерге ашады. Оқуға түскен кезде құжаттарды тапсыру уақытын ескеру маңызды. Күзгі семестрге түсу үшін құжаттарды 15 сәуірден 15 маусымға дейін тапсырып үлгеру керек. Ал екінші семестрге 10 қаңтарға дейін тапсыру керек. Мектеп оқушылары үшін де бұл құжат тапсыру кезеңі бір. Алайда, оқу орнынан жоғарғы білім алу мекемесінде білім алатын кезде, орта білім алғандығы жайлы құжат болатындығы туралы анықтама қажет.

Құжаттарды қарастырып біткеннен кейін, университет виза алу үшін шақыру құжатын рәсімдейді. Егер 1 семетрден артық уақыт оқитын болсаңыз Х типті визаны ашу керек. Бұл өте маңызды, себебі сіз туристтік визамен келіп тұрсаңыз, мекеме абитуриентті қабылдаудан бас тартуы мүмкін.