Қытайда оқу гранттары 2020

Қытайда оқу гранттары 2020. Қытайдың жоғарғы оқу орындарында білім алуға бөлінетін гранттар шетелден келген талапкерлердің оқуға жұмсалатын қаражаттын толықтай немесе жартылай жауып бере алады. Қытайда 2020 жылғы оқуға арналған гранттық орындарды өзге елдің мәдениетін танығысы келетін және сапалы білім алғысы келетін кез-келген талапкер ала алады. Жоғарғы оқу орындарындағы қабылдау комиссиясы Ресей, Қазақстан, Украина, Өзбекстан сынды мемлекеттерден келген талапкерлердің құжаттарын қабылдайды.

Қытайда оқу гранттары 2020

Мақаланың орыс тіліндегі нұсқасы

Егер сіз Қытайда оқимын деп шешім қабылдасаңыз, біздің кеңесшілерімізден көмек сұрысаңыз болады. Біз сізге ең тиімді бағдарламаны таңдап, гранттық орынға ие болуға көмектесеміз. Осындай жетістіктері мол мемлекетте оқудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Себебі сапалы білім алу сіздің болашағыңызға үлкен септігін тигізеді.

Қытайда білім алатын гранттардың түрлері

  • Қытай тілін меңгеруге арналған курстар;
  • Бакалавр, Магистратура және Докторантура деңгейлеріне оқу;
  • Медицинаға қатысты мамандыққа оқу;

2020 оқу жылына студенттерді қабылдау ашылды. Алайда мемлекет бөлетін гранттық орындардың саны шектеулі, соған сәйкес талапкер ертерек өтінішін беретін болса, гранттық орынды алудың мүмкіндігі де жоғарылай түседі.

Грант түрі Мерзімі 1 орын үшін адам саны (конкурс)
Мемлекеттік грант 15.03.2020 14 адам
Бейжің муниципалды үкіметінін гранты 15.04.2020 7 адам
Шанхай муниципалды үкіметінін гранты 20.04.2020 8,5 адам
Бейжің университеттері 30.04.2020 4 адам
Шанхай университеттері 04.30.2020 5 адам
Гуанчжоу муниципалды үкіметінін гранты 02.15.2020 7 адам
Гуанчжоу университеттері 02.20.2020 5 адам
Университеттер бөлетін гранттар, 05.30.2020 3 адам

Қытайдағы тіл меңгеруге арналған тегін курстар

Қытайда мемлекеттік тілді үйренуге арналған грант Қытай тілін меңгеруге және жоғарғы оқу орынында тегін білім алуға мүмкіндік береді. Қытай тілін үйренуге берілетін бір жылдық грантты ұтып алу ең оңай және ыңғайлы болып келеді. Қытай тілін үйрену көп ізденіс пен табандылықты қажет ететініне қарамастан, көптеген студенттер дәл осы курстардың арқасында өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Грантқа тіркелу үшін сайтта сұрау қалдыру қажет.

Қытайда оқу гранттары 2020

Гранттық байқау өте үлкен.

Қытайдағы тілді үйрену бағдарламасына түсе отырып, студент қолайлы университетті таңдауға және одан әрі оқуға дайындалуға керемет мүмкіндік алады. 9, 11 сынып түлектері, сонымен қатар жоғары және басқа оқу орындарының түлектері қытай тілін үйренуге грант ала алады. Мұндай грантты алу үшін тілді білу деңгейі әр түрлі бола береді. Топтастыру кезінде бұл ескеріледі. Қытайдағы тілдік курстар туралы көбірек біліңіз.

Бакалавриат студенттеріне арналған гранттар

Қытай бакалаврына арналған грант алдын ала таңдалып қойған мамандық бойынша бакалавриатқа түсуге көмек береді. Сонымен қатар, үміткерлер ақысыз оқып қана қоймай, шәкіртақы алуына да барлық мүмкіндігі бар.

Қытайдағы бакалавриат бағдарламаларына арналған гранттар 4-5 жылдық оқу кезеңін құрайды. Ағылшын тілінде білім алу шамамен 4 жылға созылады. Оқуға түсу кезінде дайындық бағдарламасын өту үшін сіздің ағылшын және қытай тілдерін меңгеру деңгейіңізді білу маңызды. Біздің компания Қытайдағы түрлі жоғары оқу орындарына түсуге гранттар ұсынады. Біздің кеңесшілермен байланысыңыз, олар сізге ең қолайлы бағдарламаны таңдауға көмектеседі.

Қытайда оқу гранттары 2020

Қытайдағы магистратураға гранттар

Магистрлік бағдарламамен Қытайда оқу халықаралық студенттер үшін салыстырмалы түрде арзан болуы мүмкін, сонымен бірге Қытайда магистр дәрежесін алған түлектердің сол аймақта жұмыс тауып, мансап құру мүмкіндіктері арта түседі.

Ең дамыған бағыттар:

  • бизнес;
  • экономика және қаржы;
  • дизайн және сәулет;
  • ақпараттық технологиялар және бағдарламалау;
  • машина жасау және технология.

Алайда, бұл тізім осымен шектелмейді. Магистрлік бағдарлама студенттерге оқыту формасын таңдауға мүмкіндік береді. Сіз сырттай, қысқартылған бағдарлама бойынша немесе қашықтан оқи аласыз.

Таңдалған мамандыққа байланысты Қытайда магистрлерді даярлау 2-3 жылға созылады. Оқуды бастамас бұрын, тілдік деңгейіңізді растау қажет. Студенттер қытай немесе ағылшын тілдерінде оқуды таңдай алады. Қытай тілін білмесеңіз де, аспирантурада оқи аласыз. Дегенмен, қытай тіліндегі оқыту бағдарламаларының ауқымы кеңірек екенін ұмытпаған жөн.

Қытайдағы докторантура

Докторанттың гранты студенттерге ағылшын немесе қытай тілдерінде білім алуға мүмкіндік береді. Мамандық бойынша оқу курсы 2-3 жылға созылады, қытай тілін меңгеру курстары қосымша 1-2 жыл алады. Осылайша, оқыту ұзақтығы 5 жылға дейін созылуы мүмкін. Қытайда докторлық дәрежесін алғысы келетін үміткерлердің жасы 40-тан аспауы керек.
PhD-ге арналған грант түрлері:

  • Толық (білім алу және тұру)
  • ішінара (тек оқу, тұру ақысы төленбейді)
  • ағылшын тіліндегі phd
  • қытай тілінде phd.

Қытай әлемдегі геосаяси жағдайды жақсарту, сондай-ақ сыртқы экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шетелдік студенттерге әртүрлі дәрежедегі гранттар береді. Қытайда білім алғаннан кейін, сіз шетелдік немесе мемлекеттік компанияда жұмыс істей аласыз.